| |
|
| |
Байланысу ақпараты |
050012, Алматы қ., Амангелді к-сі, 61.
Телефон\факс: +7 (727) 267-46-26
E-mail: info.ripkso@mail.ru |
|
|
|
Облыстық БАИ
Ақмола облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
020000, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 71 Тел. /Факс/тел: 8(7162) 25-69-42 Тел.: 8(7162) 25-57-05
Институттың мақсаты: Педагог мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау барысында оқу мазмұнын үнемі жаңарту арқылы оқу үрдісін дамытып жетілдіре түсу.
Міндеттер: - Институттың барлық бағыттағы іс-әрекеті бойынша атқарылатын жұмыстың құрамы мен мазмұнын ҚР «Білім туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, жетілдіре түсу. - Облыстық білім басқармасының барлық іс бағыттарына әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсету, облыстың педагог кадрлары біліктілігін көтеруге деген Мемлекеттік сұранысты орындау. - Мемлекеттік тілді дамыту Бағдарламасын іске асыру мақсатында біліктілік арттыруға бағытталған курстық іс-шаралардың қазақ тіліндегі көлемін ұлғайту, оқу үрдісін қазақ тілінде әдістемемен қамтамасыз ету. - Мұғалімдерге жаңа мемлекеттік стандартқа көшу, оқулықтардың және оқу-әдістемелік құралдардың жаңа түрлерін меңгеруде әдістемелік көмек көрсету. - «Оқушыларды мектепке дейінгі дайындау» бағдарламасы бойынша мұғалімдерді қайта даярлау, білім беру жүйесінің мамандарын компьютерлік сауаттылықпен қалыптастыру жұмыстарын арттыру. - «Білім беру» Мемлекеттік бағдарламасы мен тәрбие жұмысының Кешенді бағдарламасын іске асыру жөнінде әдістемелік көмек көрсету.
Оқу-әдістемелік және курсаралық жұмыстың негізгі бағыттары:
- Дамыта оқыту, жеке тұлғаға бағдарлай білім беру, озық педагогикалық тәжірибені анықтап іс жүзінде қолдану жұмысында жаңашылдық үрдіс қалыптастыру.
- Педагогтардың іскерлігі мен шығармашылығын дамыту.
- Оқу-әдістемелік құралдарды дайындап, баспадан шығару.
- Облыстық оқу орындарындағы білім беру үрдісін зерттеп, талдау.
- Педагогтарға оқу бағдарламаларын, мектеп дамуының тұжырымдамасын дайындауда көмек көрсетуді ұйымдастыру.
- Жаңашылдық тұрғыдан жұмыс істейтін, байқаулар мен сайыстарға қатысатын педагогтардың жұмысына кәсіптік сараптама жасау.
- Оқу-тәрбие үрдісіне болжам жасау, басқару, жоспарлау және оның жұмыс нәтижесін анықтауды нормативтік-құқықтық қамтамасыздандыру жөнінде үнемі кеңес беріп отыру.
- Мектеп басшылары үшін мына:
¨ білім беру мекемелерін басқарудың заманауи технологиялары;
¨ жаңашылдық үрдісін басқару;
¨ педагог кадрлармен ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру
мәселелер бойынша тұрақты түрде жұмыс істеп отыратын «Тиімді мектеп» семинарын ұйымдастыру.
I. Институттың басшылығы мен әкімшілігі
Директоры – Мұқашева Фаина Ешмұханқызы, жоғары білімді, Целиноград Мемлекеттік педагогикалық институты, филология факультеті, Қазақ ССР Ағарту ісінің үздігі, «Еңбек ардагері» медалінің иегері. Институт жұмысына жалпы басшылық етеді. Тел. / факс 25-57-05; 25-69-42.
Директордың оқу-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары – Сейітова Риза Ақтайқызы, ж/б, КПИ, филология факультеті, Қазақ ССР Ағарту ісінің үздігі. Институттың оқу-әдістемелік жұмысына басшылық етеді. Тел. 25-69-42.
Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары – Сәрсекеев Бауыржан Сапарұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Солт.-Қаз.ПИ, ҚР Білім беру үздігі. Институттың ғылыми-әдістемелік жұмысына басшылық етеді.
II. Институттың құрылымдық бөлімшелері
1. Педагогика, психология және мектепті басқару мен дамытудың ғылыми негіздері кафедрасы.
2. Жаратылыстану-математика циклы пәндерін оқыту әдістемесі кафедрасы.
3. Гуманитарлық цикл пәндерін оқыту әдістемесі кафедрасы.
4. Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру кафедрасы.
5. Мектепке дейінгі дайындық пен бастауыш білім беру оқу-әдістемелік кабинеті.
6. Кәсіптік-техникалық білім беру мен колледждер оқу-әдістемелік кабинеті.
7. Ақпараттық-әдістемелік орталық.
8. Кітапхана.
Басы
Кадрлар біліктілігін арттырып, қайта даярлайтын Ақтөбе облыстық институты
463020, Ақтөбе қаласы, Абай к-сі, 17 Тел. (313-2)56-05-37 (қабылдау бөлмесі).
Институттың мақсаттары: - Біліктілікті арттырудың әрқилы жолдары арқылы тыңдаушыларды әртүрлі деңгейде, дифференциялы түрде дайындау.
- Шағын ауыл мектептері мұғалімдерінің кәсіби деңгейін көтеру.
- Жаңашыл мұғалімді қалыптастыру, тәжірибе алаңы, шығармашылық топтар, зертханалар, шеберханалар, мастер-класстардың жұмысы арқылы зерттеу үрдістерін дамыту.
- Жаңа әдістемелер мен процедураларды ойластырып жасау арқылы облыстың педагог кадрларын аттестациялау.
- Заманауи ақпараттық, педагогикалық технологиялар мен озық әдістемелерді қолдана отырып, педагогикалық іскерлікті шыңдай түсу.
- Қаланың жоғары оқу орындарының ғылыми кафедраларымен өзара ынтымақтастықта жемісті жұмыс істеу арқылы ғылым мен практиканы ұштастыру.
Міндеттер: - Білім беру органдарының қажеттілігіне сәйкес педагогикалық басқару кадрлары біліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмыстарын шұғыл түрде ұйымдастыру.
- Ғылыми-педагогикалық, басқару кадрлары біліктілігін арттыру және қайта даярлау кезінде жаңа технологиялар мен оқытудың алдыңғы қатарлы түрлерін қолданып көру арқылы сынау.
- Ғылым мен ілімнің соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, мұғалімдердің кәсіби деңгейін ұштау.
- Жаңашыл басқару және педагогикалық тәжірибені сараптау, жинақтау және тарату.
- Жинақталған инновациялық тәжірибе негізінде облыстың оқу орындарында оқу-тәрбие үрдісін одан ары жетілдіру жолдарын нұсқау.
- Ауыл мұғалімдеріне аймақ ерекшелігін, білім беру парадигмаларының өзгеруі жағдайында оқу үрдісін ұйымдастыруға жаңа тұрғыдын қарау қажеттігін ескере отырып, жүйелі әдістемелік көмек көрсету.
Жұмыстың негізгі бағыттары:
- Әрбір мұғалімнің кәсіби жетіктілік деңгейін көтеру жұмысын жүйелі түрде жүргізу.
- Мұғалім кадрларды оқытудың жаңа жүйесі – тренингтық модельді дайындап енгізу.
- Тыңдаушылардың өзекті сұраныстары мен қажеттіліктерін өтеуге ыңғайлы ғылыми-әдістемелік жағдай тудыруға бағытталған оқу-әдістемелік жұмыстары.
- Білім беру мекемелерінің әдістемелік ақыл-кеңес, көмекші құрал, авторлық және икемделген оқу құралдары сияқты құжаттарына сараптау, талдау, түзету және сынау жұмыстары.
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, кез-келген деңгейдегі(мектептік, аудандық, облыстық) педагог кадрлардың методологиялық іскерлігін ұштап, жетілдіру.
- Облыстың білім беру мекемелерінің тәжірибелік-сынау жұмыстарына басшылық ету: құқықтық және азаматтық білім беру, «Сөзтартыстар», сыншылдық ой-өрісін дамыту, “Step by step”, Ж.Караева, М.Жанпеисова, А.Жүнісбековалардың инновациялық технологиялары, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Дарынды балаларды адақтап, дамытып, қолдап отыру. Шағын ауыл мектептерінің мұғалімдерінің жұмысы, жалпы білім беретін мектептерді әдетті жұмыс тәртібінен даму жолына түсіру, т.т.
- Жаңашыл мұғалім, зерттеуші мұғалім қалыптастыру, оларды оқу үрдісіне модульді оқу технологиясын енгізуге қатыстыру.
- Озық педагогикалық тәжірибені жинақтап, жария етудің жаңа түрлері: бейнематериалдар, мұғалімдердің ең жақсы сабақтарының бейнетаспалары, әдістемелік кітапшалар шығару, әр деңгейдегі кәсіби іскерлік байқауларын дайындап,қолданып көру арқылы сынау.
- Ғылыми, қоғамдық және халықаралық ұйымдар мен қорлармен іскерлік байланыс және өзара қарым-қатынас жасау.
- Институттың Ғылыми Кеңесі бекіткен оқу-әдістемелік құралдар мен ақыл-кеңестер шығаруға бағытталған баспа жұмысы.
- Облыстық білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие жұмысын жетілдірудің өзекті мәселелері, педагогтардың талапкерлігін, шығармашылығын және іскерлігін дамыту бағытындағы институттың Ғылыми Кеңесінің жұмысы.
I. Институттың басшылығы мен әкімшілігі
Директоры - Көбенова Шолпан Ивановна, жоғары білімді.
Ақтөбе ОПКБАИ жалпы жұмысына басшылық етеді. Тел. 560537
Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары – Тоқсанбаев Асан Мырзабекұлы , ж/б, АПИ, филологиялық факультет.
Білім беру мекемелерінің басшыларының ғылыми-педагогтық жұмысына басшылық етеді. Тел. 570482
Директордың оқу-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары – Кибатаева Нұрсұлу Қазанғапқызы, ж/б, ОрПИ, филология факультеті, ҚР Білім беру үздігі.
Білім беру мекемелерінің басшыларының оқу-әдістемелік жұмысына басшылық етеді. Тел. 570482, 567639
Директордың жалпы және экономикалық жұмыстар бойынша орынбасары – Голубев Юрий Петрович, ж/б. Тел. 57-42-80.
II. Институттың құрылымдық бөлімшелері
1. Үздіксіз білім берудің теориясы мен әдістемелері кафедрасы.
2. Менеджмент бөлімі. Басшы кадрлар кабинеті.
3. «Дарын» бөлімі.
4. Дамытып оқыту бөлімі.
5. Сараптау-баспа бөлімі.
6. Инновациялық технологиялар кабинеті.
7. Алғашқы және орта кәсіптік оқыту кабинеті.
8. Тәрбие жұмысы кабинеті.
9. Қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті.
10. Орыс тілі мен әдебиеті кабинеті.
11. Мектепке дейінгі оқыту және мектеп алдындағы дайындық кабинеті.
12. Шетел тілі кабинеті.
13. Математика кабинеті.
14. Химия кабинеті.
15. Физика және техникалық оқу құралдары кабинеті.
16. Тарих, география кабинеті.
17. Биология кабинеті.
18. Ақпараттану және есептегіш техника кабинеті.
19. Еңбекке баулу және дене шынықтыру кабинеті.
20. Сурет және алғашқы әскери дайындық кабинеті.
21. Психологиялық-физиологиялық болжау мен бейімдеу зертханасы.
22. Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыратын орталық.
23. Кітапхана
Басы
Кадрларды кәсіптік тұрғыдан дамытатын
Алматы облыстық институты
0500...., Алматы қ., Қабылов к., 50
Тел. (327-2)30-03-91 begin_of_the_skype_highlighting (327-2)30-03-91 end_of_the_skype_highlighting begin_of_the_skype_highlighting (327-2)30-03-91 end_of_the_skype_highlighting, 30-14-81
Институттың мақсаттары: - Облыстың білім беру мекемелерінің мамандарының кәсіби біліктілігінің деңгейін көтеруге жағдай тудыру. - Білім беру қызметкерлеріне жаңа педагогикалық технологиялар мен инновацияларды игеруге және іс жүзінде қолдануға теориялық және практикалық көмек көрсету.
Міндеттері: - Жаңа технологиялар, тиімді әдістер мен жұмыс түрлерін қолдану арқылы білім беру мекемелеріндегі оқу-педагогтық үрдістің нәтижелілігін арттыру.
- Тыңдаушыларды өзекті кәсіптік маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету. - Институттың жұмыс бағыттары бойынша жүргізіп отырған тәжірибе-сынақ жұмыстарының нәтижелілігін бағалау, озық педагогикалық тәжірибе жинақтау, ақыл-кеңес, авторлық әдістемелер, бағдарламалардың тиімділігі.
Жұмыстың негізгі бағыттары:
- Білім беру мекемелерінің басшы педагог қызметкерлері мен мамандарының біліктілігін арттыру, мұғалімдердің педагогтық іскерлігі мен шығармашылығын дамыту. - Облыстағы білім беру жүйесін ақпараттандыру және компьютерлендіру туралы Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру. - Инновациялық үрдісті басқару, мектеп ұжымдарына жаңа технологияларды игеріп, іске асыруда ғылыми-педагогикалық қолдау көрсету. - Озық педагогикалық тәжірибені жинақтап, жария ету. - «Дарынды балалар» бағдарламасы бойынша жұмыс атқару.
I. Институттың басшылығы мен әкімшілігі
Директоры – Баймолдаев Тұрсынбек Молдаханұлы, п.ғ.к., ҚазМУ, филологиялық факультет, ҚР Білім беру үздігі.
Институттың жалпы жұмысына басшылық етеді.
Тел. 300 391, 301 481.
Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары – Керімбаева Ардақ Тұрлыбайқызы, ж/б, ҚР Білім беру үздігі.
Білім беру мекемелерінің басшыларының ғылыми-педагогтық жұмысына басшылық етеді.
Тел. 301-481.
Директордың оқу-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары – Безверхова Любовь Владимировна, ж/б, ТУ, механика-математика факультеті, ҚР Білім беру үздігі.
Білім беру мекемелерінің басшыларының оқу-әдістемелік жұмысына басшылық етеді.
II. Институттың құрылымдық бөлімшелері
1. Педагогикалық менеджмент және басқару зертханасы.
2. Ақпараттану зертханасы.
3. Политехникалық пәндер кабинеті.
4. Гуманитарлық пәндер кабинеті.
5. Жаратылыстану пәндері ка%E
|
|