Негізгі
Негізгі | Сайт картасы

Байланысу ақпараты

050012, Алматы қ.,
Амангелді к-сі, 61.

Телефон\факс: +7 (727) 267-46-26
E-mail: info.ripkso@mail.ru

«Техникалық және кәсіби білім беруді модернизациялауға әдістемелік қызметтің ықпалы» тақырыбындағы

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР

7-8 қазан 2010 ж

Республикалық семинар келесі бағыттар (секциялар) бойынша жұмыс жасайтын болады:

  1. Обл(қал) БАИ техникалық және кәсіптік білім берудегі әдістемелік қызмет.

  2. Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарындағы әдістемелік қызмет.

  3. Аймақтың техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының әдістемелік қызметін ұйымдастыру.

  4. Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының әдістемелік қызметіндегі әлеуметтік серіктестік.

Ұйымдастыру комитеті семинар материалдарын баспаға шығаруды ұйымдастырады. Семинар бағдарламасына енгізу үшін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына келесі ақпараттарды беру қажет: баяндама (статья), семинарға қатысушыны тіркеу формасы (электрондық вариантта) және ұйымдастыру жарнасын төлегені туралы құжат (квитанция немесе төлегенді растайтын қаражаттық құжат).

Семинарға қатысу шарттары

Семинар материалдарын баспаға шығару үшін келесі талаптарды қанағаттандыруы қажет:

Статья көлемі 5 беттен артпауы тиіс және MS Word мәтіндік редакторында тіркеу формасы мен статья мына алгоритмді сақтап, терілуі тиіс:

  1. Кестелер, кескіндер мен суреттердің атауы болуы қажет.

  2. Алаң: жоғарғы жағынан - 2 см, төменгі жағынан - 2 см, оң жақтан - 1,5 см, сол жақтан - 3 см.

  3. Қаріп: Times New Roman, кегль өлшемі -12 см.

  4. Аралық интервалы: бірөлшемді.

  5. Азат жол: 0,9 см,

  6. Баяндама тақырыбы үлкен әріптермен орта жолда қалың қаріппен.

  7. Баяндама тақырыбынан кейінгі жолда автордың фамилиясы, аты-жөні жай әріптермен қалың қаріппен жазылады

  8. Төменгі бөлікте - мекеменің толық атауы жазылады (қалың қаріппен).

  9. Азат жолдан кейін бір интервал арқылы статья материалы жазылады.

  10. Статья материалы жазылғаннан кейін әдебиеттер тізімі мен оған сәйкес материалдардың баяндалу реті орналастырылады. Әдебиеттерге сілтеме берілген материалға сәйкес әдебиеттер тізімі «қисық» жақша ішінде әдебиеттің реттік нөмірі арқылы көрсетіледі. Қолданылған әдебиеттердегі үзінділерді алу барысында міндетті түрде оны беті көрсетілуі керек, мысалы: /1, 256-бет/.

Электрондық поштаның «Тақырып» бөлімінде мына жазуды көрсету керек:
«ББЖКБАРИ-ның Республикалық семинарына (баяндамашының фамилиясы)». Баяндама мәтінінің бір бетіне төлемақы 500 теңгені құрайды. Іс-сапар шығыны жіберуші мекеменің есебінен төленеді. Баяндама мәтіні мен тіркеу формасы бір файлмен жіберіледі. Егер бір баяндаманы бірнеше адам жазса, онда тіркеу жарнасын төлеген автордың атынан ғана жіберіледі. Мысалы, Белденбаева М.Т. қатысушы үшін файлдың аты мына түрде жіберіледі:

Белденбаева.doc; Белденбаева.rtf или BELDENBAEVA. doc; BELDENBAEVA. Rtf Баяндама материалдары мен тіркеу формалары 2010ж 15 қыркүйекке дейін қабылданады.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмейтін материалдар семинардың материалдар жинағына енбейді.

Тіркеу формасы

    1. Фамилиясы, аты-жөні толығымен)_____________________________________

2. Ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы ___________________________________________

3.Ұйымы (мекеме), қызметі____________________________________

4.Мекен-жайы (индекстің көрсетілуі міндетті) ___________________________________

5.Телефон (код) _________________________________

6.E-mail (міндетті) ____________________________________________________

7.Баяндама тақырыбы _____________________________________________________

8.Секция ______________________________________________________________

9.Қажетті техникалық құралдар _____________________________________

10.Жатақхананың қажеттілігі мен қонақ үйде нөмірге тапсырыс беру (ия/жоқ)

Менің мүмкіндіктерім:

ү Пленарлық мәжілісте сөйлей аламын;

ү Секция мәжілісінде баяндама оқимын;
ү Семинарға тыңдаушы ретінде қатысамын.

Баяндамалар мына мекен-жай бойынша жіберіледі:
050020, Алматы қаласы, 1-ықшам ауданы, 36-үй Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институттың «Техникалық және кәсіптік білім беру» кабинетіне

(ББЖКБАРИ-ның ««Техникалық және кәсіби білім беруді модернизациялауға әдістемелік қызметтің ықпалы» тақырыбындағы республикалық семинарға). Анықтама телефоны: (8 727) 26-90-25 Факс: 8 (7272) 26-90-08, 26-90-15 E-mail: info.ripkso@mail.ru

Ұйымдастыру жарнасы. Қаржылық реквизиттер.

Мекеме «Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институт»,

РНН 600 900 063 216 БИН 990 140 004 416

ИИК KZ368560000000011664 АГФ АО «Банк Центр Кредит»

БИК KCJB KZ KX Кбе 16

(ББЖ КБАРИ-ның «Техникалық және кәсіби білім беруді модернизациялауға әдістемелік қызметтің ықпалы» атты республикалық семинарға қатысу үшін деп көрсетіледі) Ұйымдастыру комитет

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР

1.«Тұрақты даму үшін білім беру: «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сапалы білім берудің шарты ретінде оқу үрдісіне енгізудің әдіснамалық негіздері» атты ЮНЕСКО-мен бірлескен халықаралық конференция.
Шілде, ББЖ КБАРИ Білім беруді басқарудың ғылыми негіздері кафедрасы
2.«Қазақ тілі, тарих, математика және физика пәндері бойынша оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудағы жаңа амалдар» атты республикалық семинар.
Ақпан ББЖ КБАРИ Білім беру мазмұны кабинеті
3.«Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілін оқытуда коммуникативтік құзырлылықты қалыптастыру» тақырыбында фестиваль
Наурыз ББЖ КБАРИ Білім беру сапасы мен мазмұны кафедрасы
4.«12 жылдық білім беруге көшудегі информатиканы бейінді оқыту курсының ғылыми-әдістемелік негіздері» республикалық конференциясы
Наурыз ББЖ КБАРИ Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту кабинеті
5.АҚТҚ-ның алдын алу бойынша ЮНЕСКО-мен бірлескен республикалық семинары
Сәуір ББЖ КБАРИ Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы
6.Математика пәні мұғалімдеріне арналған республикалық байқауы
Сәуір ББЖ КБАРИ Білім беру сапасы мен мазмұны кафедрасы
7.«Қызғалдақтың Отаны - Қазақстан» республикалық байқауы
Мамыр «Гүлстан» ЖШС, «Гүлзар» ҚБ
8.«Курсаралық кезеңде білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби өсуін жетілдіру» атты республикалық семинары
Мамыр ББЖ КБАРИ Орта білім беруді ұйымдастыру менеджменті кабинеті
9.Ағылшын тілін ерте жастан оқыту тәжірибесін жалғастыру бойынша республикалық семинар-кеңесі
Мамыр ББЖ КБАРИ Тілдерді дамыту кабинеті
10.«Үздік ІТ - әдіскері» республикалық байқауы
Маусым ББЖ КБАРИ Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту кабинеті
11.«Инклюзивті білім беру – бүгіні» атты республикалық семинары
Тамыз ББЖ КБАРИ
12.«Есту қабілеті зақымдалған балаларға сөйлеу тілін үйретудің әдістемесі мен мазмұнының негізі» атты республикалық оқу-әдістемелік семинары
Қыркүйек ББЖ КБАРИКоррекциялық педагогика және психология кафедрасы
13.«Қазақстан Республикасы азаматының тұлғасын қалыптастырудағы отбасылық тәрбиенің ролі» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел
Қазан ББЖ КБАРИ Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы
14.«Білім сапасын бағалаудың өзекті мәселелері: Халықаралық ТІМSS, РІSА бағдарламаларының нәтижесі және әдіснамалық негіздері» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция
Қараша ББЖ КБАРИ Білім беру сапасы мен мазмұны кафедрасы
15.«Үздік педагог-ұйымдастырушы» республикалық байқауы
Қараша ББЖ КБАРИ Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы
16.«Б. Момышұлының әскери және шығармашылық мұрасының жастарға азаматтық ұстаным қалыптастырудағы ролі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Желтоқсан ББЖ КБАРИ РҚБОӘО
© ББЖ KБАРИ, 2012 ж.