Негізгі
Негізгі | Сайт картасы

Байланысу ақпараты

050062, Алматы қ.,
1 ықшам аудан, 36 үй

Телефон: +7 (727) 226-90-08
Факс: +7 (727) 226-90-08
E-mail: info.ripkso@mail.ru

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРЫ  БІЛІКТІЛІГІН  АРТТЫРАТЫН  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

2011  жылы қазанның   27-28 аралығында  
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым  министрлігі мен Білім беру жүйесінің басшы  және ғылыми – педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институты

 «ТМД МҮШЕЛІГІНДЕГІ  ЕЛДЕРДІҢ  БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ  ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНТЕГРАЦИЯСЫ »
тақырыбында Халықаралық ғылыми конференция өткізеді.

            Халықаралық ғылыми конференция келесі бағыттар бойынша жұмыс жасайды:

1. Ваучерлік жүйеге өту жағдайындағы ТМД мүшелігіндегі елдерің біліктілікті арттыру жүйесін интеграциялаудың  мәселелері мен даму болашағы.
2. Халықаралық білім беру кеңістігінде педагогтардың біліктіліктілігін  арттыру және дайындау  ілімі мен практикасын интеграциялаудағы  салыстырмалы зерттеулері.
3. Заманауи білім беру технологияларын  және электрондық  оқыту (e-learning) жүйесін    біліктілікті арттыру кеңістігіне енгізу  мәселелері.
4. Интеграция және жаһандану жағдайларындағы мұғалім.
5.Тұлғаның өзін-өзі іске асыру және дамытуындағы әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар.

           
Ұйымдастыру комитеті баяндамалардың тезистерін конференциядан бұрын  жинақ түрінде жариялауды жоспарлайды. Конференция бағдарламасына ену үшін 2011 жылдың
10 қазанына  дейін ұйымдастыру комитетіне конференцияға қатысушының тіркеу формасы мен баяндама тезисінің баспа және электрондық нұсқасын, төлем квитанциясының көшірмесін жіберуі қажет.

Қатысу тәртібі:
Тезистер жинаққа ену  үшін төмендегі талаптарға сай болуы  қажет:

  1. Баяндама тезисі 2 нұсқада 3-5 баспа табақ көлемінде MS Word мәтіндік редакторында терілген болуы керек.
  2. Кестелердің, сызбалардың, суреттердің тақырыбы көрсетілуі керек.
  3. Парақтың параметрлері: жоғарғы және төменгі -2 см, сол жағы -2,5 см,оң жағы -1,5 см.
  4. Шрифт: Times New Roman,  кегль-14.
  5. Жол аралық: 1 интервалмен.
  6. Жаңа жол : 0,9 см.
  7. Бір жолдан кейін - ортасынан баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮ ШРИФТПЕН) жазылады.
  8. Баяндама тақырыбының төменгі жағына бір жолдан кейін - парақ ортасына жай әріптермен (қою шрифтпен) автор (лар) –дың тегі, аты-жөні жазылады.
  9. Төменгі жағына: жұмыс орындалған мекеменің толық аты, облысы (қаласы), республикасы (қою шрифтпен) жазылады.
  10. Бір интервалдан кейін (бос жолдан соң) жаңа жолдан – баяндама тезисі жазылады.
  11. Әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай мақаланың соңында жазылады. Сілтеме берілген әдебиеттер мәтінде тік [ ] жақшаның ішінде әдебиеттер тізіміндегі нөміріне сәйкес нөмірмен көрсетіледі. Дәйектеме (цитата) қолданған жағдайда міндетті түрде түпнұсқаның парағы көрсетілуі қажет: [1,250 бет].

ТІРКЕУ ФОРМАСЫ


Тегі, аты- жөні (толығымен)

 

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

Мекемесі, лауазымы

 

Мекен-жайы (индексті көрсету міндетті)

 

Байланыс телефоны (халықаралық байланыс кодымен; ұялы)

 

E – mail (міндетті)

 

Мақала тақырыбы

 

Секция

 

Керекті техникалық құралдар

 

Қонақ үй (жатақхана) орындарының қажеттігі

иә, жоқ

Пленарлық баяндамамен  сөз сөйлеуді қалаймын

 

Секция мәжілісінде баяндамамен сөз сөйлеуді қалаймын

 

 
Электронды пошта  арқылы жібергенде «Тақырып» бөлімінде: ББЖ КБАРИ Білім берудегі менеджмент кафедрасының Халықаралық  конференцияға  _____________   -дан (баяндамашының аты-жөні)» көрсетілсін.
Ұйымдастыру кеңесі мен редакциялық алқаның мақалаларды іріктеуге құқығы бар.
Ұйымдастыру  жарнасы :  баяндаманың 1 парағы -  1000 тенге.
Қонақ үй (жатақхана), тамақтану шығындары іс- сапарға жіберуші есебінен.
Мақала мәтіні және тіркеу формасы бір файлмен көрсетілсін (файлдың аты, автордың  аты-жөнімен аталуы қажет. Баяндама материалдары мен тіркеу формасы 2011 жылдың
10 қазанына  дейін қабылданады. Талапқа сай толтырылмаған және ұйымдастыру комитетіне көрсетілген уақыттан кеш өткізілген мақалалар  жинаққа  енгізілмейді.
Конференция  қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Қаржы реквизиттері

Баяндама тезистерін төмендегі  мекен-жайға жіберулеріңізді  сұраймыз

Жүретін  көліктер

050062, Алматы қаласы,
1 ықшамаудан, 36 үй
АҚ “БанкЦентрКредит”
Код 16, ИИК
КZ668560000003081271,
БИК KCJBKZKX
СТТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі )600900063216
БИН 990 140 004 416
тел/факс 8 (7272) 26-90-08
бухгалтерия: 8 (7272) 26-90-11

 

050062, Алматы қаласы,
 1 ықшамаудан, 36 үй,
 Ж.Сайын және Ұлықбек
 (бұрынғы Домостроительная) көшелерінің қиылысы.
e-mail:
mripkso@mail.ru
info.ripkso@mail.ru
Байланыс телефондары: 8(7272)26-90-12
 26-90-51

  1-ші темір жол вокзалынан-
№ № 446, 573 автобустар
 2-ші темір жол вокзалынан –
 №5 троллейбус
«Сайран» автовокзалынан –
 №№  43,  446 автобустар

 

© ББЖ KБАРИ, 2011 ж.