Негізгі
Негізгі | Сайт картасы

Байланысу ақпараты

050012, Алматы қ.,
Амангелді көшесі, 61.

Телефон: +7 (727) 267-46-36
Факс: +7 (727) 226-90-08
E-mail: mripkso@mail.ru

«Білім берудегі менеджмент» кафедрасы

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы:
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында білім ұйымы басшыларының басқару дағдыларын қалыптастыру

Кафедраның мақсаттары мен міндеттері:

  1. білім беру ұйымы басшыларының біліктіліктерін арттыруда  менеджменттің заманауи технологияларын енгізу;
  2. қолданыстағы заңнама мен нормативтік құжаттар жағдайында білім  ұйымы басшыларының басқару әрекеттерінің дағдыларын қалыптастыру;
  3. білім беру ұйымы басшыларының кәсіби құзыреттіліктерін көтеру;
  4. білім беру ұйымы басшыларының тәжірибелік жұмысына АЖО ендіру.

Білім берудегі менеджмент  кафедрасының тарихынан

Кафедра 1996 жылы МБЖОИ - тың ББЖК БАРИ-болып өзгертілуімен қайта құрылды. Оның қызметінің негізгі бағыты – білім беру ұйымдары басшыларын педагогикалық менеджментке, педагогикалық ұжымды басқару ерекшеліктеріне, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға инновацияны ендіруге оқыту.
Кафедраның профессорлық - оқытушылық құрамының дәрежелік деңгейі жоғары. Кафедрада 2 профессор, 5 ғылым кандидаттары, 3 аға оқытушылар  жұмыс жасайды, білім беру ұйымдары басшыларымен жұмыс жасауға тәжірибелері мол.
Кафедраның мүшелері білім ұйымдары басшыларының сұранысы бойынша қолданатын ғылыми еңбектерін, әдістемелік құралдарын, тәжірибелік ұсыныстарын дайындайды. Кафедра мүшелерінің ғылыми жетістіктері, ізденістері халықаралық конгресстерде, конференцияларда, симпозиумдарда баяндалып отырады.

«Білім берудегі менеджмент» кафедрасының 2012 жылға арналған жоспары

© ББЖ КБАРИ, 2012 ж.