Негізгі
Негізгі | Сайт картасы

Байланысу ақпараты

050012, Алматы қ.,
Амангелді к-сі, 61.

Телефон\факс: +7 (727) 267-46-26
E-mail: info.ripkso@mail.ru

Құрылу тарихы


Здания администрации и общежития РИПК СОБілім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын Республикалық институт облыстық педагог мамандардың біліктілігін арттыру институттарының жұмысын үйлестіріп отырады. Ол 1965 жылы 22 қазанда Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №688 Қаулысымен Тың аймақтық мұғалімдерді жетілдіру институтынан қайта құрылған. Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің Орталық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының негізінде 1996 жылы құрылған. Әр жылдары институтты К.Х.Құдасов, Л.И.Гусев, Н.А.Лебедева, Б.А.Әлмұхамбетов, Т.М.Баймолдаев, Б.Ө.Сманов басқарған. Институттың қазіргі басшысы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Г.К.Ахметова.

Алғашқы кезеңдерде институт облыстық білім жетілдіру институттарына әдістемелік көмек көрсету, мектептер, білім беру органдары басшыларының біліктілігін арттырып, қайта даярлау курстарын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді және құрамында бар болғаны 5 оқу-әдістемелік кабинеті болды:


- облыстық БЖИ әдістемелік басшылығы;
- мектептану;
- басшы кадрларды күндізгі-сырттай оқыту;
- тәрбие жұмысы;
- техникалық оқу құралдары.

Біртіндеп институттың қызмет ауқымы кеңейе бастады. Институт оқу-тәрбие жұмысының озық түрлері мен әдістерін зерттеп, мектептер мен басқа да білім беру мекемелеріне енгізумен айналысады, республика облыстарында оқу-тәрбие жұмысында тәжірибе алмасу мақсатымен тақырыптық көрмелер ұйымдастырады, әдістемелік ақыл-кеңестер дайындап, басып таратады. 1974 жылы институттың базасы тағы 11 оқу-әдістемелік кабинетке артты, педагогика және психология, қоғамдық ғылымдар кафедралары ашылды. Әр жылдардағы педагогика саласында жеткен жетістіктерін институт ҚазССР және ССРО ХШЖК-да (Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі) көрсетіп отырды. 1982 жылы Орталық мұғалімдер білімін жетілдіру институты ССРО Халық ағарту Министрлігінің ауыспалы Қызыл туын жеңіп алды.Конференц. зал РИПК СО

ББЖ КБАРИ-да жылына шамамен 4 мыңдай республикалық білім беру қызметкерлері біліктілігін арттырады, ал тәуелсіздік алғаннан бергі 20 жыл ішінде институт 70 мыңнан астам педагогтардың біліктілігін жетілдірген.

© ББЖ KБАРИ, 2012 ж.